«Шектен шыққан креатив»: Кеудесіне кесе киген бойжеткеннің әрекеті талқыға түсті
Әлеуметтік желіде қыздың ұлттық нақыштағы екі кесені аксессуар ретінде пайдаланып түскен фотосы қызу талқыға түсті. Мәліметке сәйкес, бұл образ белгілі бір бренд ұйымдастырған шығармашылық фотожобаның бір бөлігі болған, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Алайда жарияланған сурет көпшіліктің пікірін екіге жарды. Бірқатар желі қолданушылары мұндай тәсілді ұлттық құндылықтарды орынсыз қолдану деп есептеп, өз наразылықтарын білдірді.
«Бұл ұлттық бұйымдарды орынсыз пайдалану», «Шектен шыққан креатив», «Ұят нәрсе екен» деген пікірлер жазылды.
Ал басқа қолданушылар фотожобаны өнер мен шығармашылық еркіндіктің көрінісі ретінде бағалады. Олардың айтуынша, фотосессиядағы образда ешқандай қорлау немесе кемсіту белгісі жоқ.
«Бұл жай ғана өнер», «Әркім әртүрлі қабылдайды», «Шығармашылыққа шектеу қоймау керек» деген пікірлер де аз болған жоқ.
Осылайша, әлеуметтік желіде жарияланған бұл фотосессия ұлттық символдарды заманауи өнерде қолдану мәселесіне қатысты пікірталастың қайта жандануына себеп болды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0