Шерзаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Қаңтар 21, 2026 - 16:29
Қаңтар 21, 2026 - 16:33
 0  2
Шерзаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Фото: Airan media

Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қозғалған қылмыстық іс ресми түрде тоқтатылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл туралы оның адвокаты Мейірман Шекеев әлеуметтік желіде жариялады. 

“Қаржаубайға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша көп азаматтар алаңдаушылық білдіріп, тікелей эфирде және басқа да жерлерде, одан қалса журналистер де сұрап жүргендіктен және бұл іске қатысты өсек-аяңды тоқтату үшін осы ақпаратты жариялап отырмын”, – деді адвокат.

Мейірман Шекеевтің сөзінше, осы уақытқа дейін іске қатысты түсініктеме берілмеген, себебі тергеу жалғасып жатқан.

“Осы уақытқа дейін жауап бере алмадық, өйткені іс жалғасып жатты. Десе де осы аралықта атқарылған жұмыстардың арқасында бұл нәтижеге қол жеткіздік деп ойлаймын”, – деді ол.

Адвокат Қаржаубайдың айналасында оған қарсы адамдар болғанын да жасырмады.

“Қаржаубайдың кейбір жаулары үнсіздігімізді оны міндетті түрде сотталады деп балап, бақылап жүрді. Отбасын қаралап, түрлі ақпарат таратқан адамдар да болды. Кейбірі мұны тікелей эфирлерде айтып жүрді”, – деді Шекеев.

"Үнсіздігімізді басқаша түсініп, Қаржаубайдың міндетті түрде сотталатынын айтып жүрген адамдар көп болды. Алайда біз істің ақ-қарасын ажыратып, әділеттілікке қол жеткіздік" , – дейді ол.

Айта кетейік, қылмыстық іс Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы, 1-бөлігінің 12-тармағы бойынша тоқтатылды. 

Еске сала кетсек, 2024 жылдың желтоқсанында Нұрымовқа қатысты «бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Ол 16 жастағы Шерзат Полаттың қайғылы қазасынан кейінгі оқиғаларға байланысты әкімшілік қамауға алынған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0