Шығыс Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді

Қыркүйек 7, 2026 - 09:53
 0  15
Шығыс Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Фото: istockphoto.com

Өткен түнде Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, дүмпудің есептік қарқындылығы 2 балл болды, деп хабарлайды sadaq.kz.

"2026 жылғы 6 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 23:08-де ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 875 шақырым жерде орналасқан.

Эпицентрдің координаттары: 49.167° солтүстік ендік, 84.417° шығыс бойлық. Есептік қарқындылығы: ШҚО, Үлкен-Нарын ауылында – 2 балл.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0