Шығыста жантүршігерлік жол апатынан екі адам ажал құшты (ВИДЕО)

Сәуір 24, 2026 - 18:40
chat_bubble  0 visibility  0
Шығыста жантүршігерлік жол апатынан екі адам ажал құшты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өңірдегі полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, 24 сәуір күні "Алматы – Өскемен – Ресей Федерациясы шекарасы" тасжолының 1139 шақырымында, Глубокое ауданына қарасты Березовка ауылының маңында "Mazda" және "JAC" автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.

Апат салдарынан "Mazda" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. "JAC" автокөлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді.

"Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу әрекеттері жүргізіліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталуда. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды",- деп мәлімдеді полицейлер.

Полиция жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға және жол мен ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0