«Ескертуді елемеген»: Шымбұлақта қар көшкіні жүріп, бір адам ажал құшты

Наурыз 17, 2025 - 17:50
Наурыз 17, 2025 - 17:57
«Ескертуді елемеген»: Шымбұлақта қар көшкіні жүріп, бір адам ажал құшты
Фото: Pixabay

Шымбұлақ тау-шаңғы курортының солтүстік аймағында қар көшкіні жүрді. Көшкін салдарынан 35 жастағы әйел қаза тауып, тағы екі адам зардап шеккені белгілі болды, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

"Талғар асуында Шымбұлақ тау-шаңғы курортынан 1 шақырым жердегі тыйым салынған жерде үш адам шаңғы теуіп жүрген, - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, үш фрирайдер қар көшкіні жүреді деген ескертуге қарамастан, тауға шыққан

«2025 жылдың 17 наурызында солтүстік Талғар ауданында, 3160 метр биіктікте көлемі 50 текше метрге жуық қар көшкіні жүрді. Алдын ала мәлімет бойынша, қар көшкіні қаупі туралы ескертуді елемеген фрирайдерлер көшкін астында қалған. Үйіндінің астынан 1990 жылы туған әйелдің мәйіті табылды», - деп хабарлайды ТЖМ.

Шаңғымен төмен қарай сырғанап бара жатып олар еңісті кесіп, қар көшкінін туғызған. Нәтижесінде үшеуі де үйінді астында қалған. Зардап шеккендердің екеуі өз бетімен қардан шыға алса, үшіншісін Шымбұлақтың құтқарушылары көшкін астынан алып шықты. Қаза тапқандардың жеке басы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow