Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кеткен

Сәуір 27, 2026 - 10:43
chat_bubble  0 visibility  1
Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кеткен
Фото: Видеодан скрин

Шымкентте 24 метрлік құдыққа құлап кеткен екі жасар қыз құтқарылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

112 пультіне Қаратау ауданындағы Құдайбергенов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйден шақырту түскен. Ересектердің қарауынсыз қалған 2024 жылы туған қыз баланың құдыққа құлап кеткен.

Оқиға орнына дереу ТЖМ құтқарушылары жіберілді. Олар келген кезде құдықтың тереңдігі шамамен 24 метр екені анықталды. Құтқарушылар альпинистік жабдықтарды пайдаланып, құдыққа түсіп, баланы абайлап жер бетіне алып шықты.

Қыз бала одан әрі тексеру үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0