Шу станциясында әйелді пойыз қағып кетті

Шілде 23, 2026 - 14:46
 0  12
Шу станциясында әйелді пойыз қағып кетті
фото: baq.kz

Шуда теміржол арқылы өтпек болған әйелді пойыз қағып кетті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 20 шілдеде болған.

«Теміржол көлігінің қозғалысы мен оны пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша Шу станциясындағы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп мәлімдеді ведомстводан.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеудің өзге мәліметтері жария етуге жатпайды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0