Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет еліміз бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды sadaq.kz.
Мамандар қыс ызғары әлі кетпегенімен, алдағы күндері еліміздің барлық аймағында ауа температурасы біртіндеп көтерілетінін айтты. Синоптиктердің мәліметінше, көктем болғанына қарамастан, еліміздің көптеген аймағында қыстық ауа райы әлі де сақталған.
“Әсіресе қыс ызғары солтүстік және шығыс өңірлердің тұрғындарына қатты сезілді. Қар мен бораннан кейін бұл аймақтар ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкелген суық антициклонның ықпалында қалды”, – деді мамандар.
Дегенмен, мамандар алдағы уақытта көктем де өз әсерін көрсететінін алға тартты. 12 наурыздан бастап Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.
Солтүстік өңірлерде оң температураға жақын байқалса, оңтүстік өңірлерде 14 наурызға қарай термометр бағандары +5, +10°С көрсетеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0