«Сіздерге де жұғысты болсын»: Сәкен Майғазиев немересімен видео жариялады

Қыркүйек 10, 2026 - 00:38
 0  15
«Сіздерге де жұғысты болсын»: Сәкен Майғазиев немересімен видео жариялады
Фото: Видеодан скрин

Танымал әнші, «МузАрт» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев немересімен бірге түскен видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өнер иесі ата атанып, немере бағудың өзіндік қуанышын сезініп жүргенін жеткізді. Ол бұл кезеңді ерекше бақыт санайтынын айтып, көпшілікке де немере сүюді тіледі.

«Қазір жұмыс осы. Немере бағу. Құдайға шексіз шүкір. Алла тағалаға сансыз мақтаулар болсын! Пайғамбарымыз Мұхаммедке сансыз салауаттар болсын! Сіздерге де немере жұғысты болсын», – деп жазды Сәкен Майғазиев.

 Көпшілік жылы пікірлерін білдіріп, әншіні ата атануымен құттықтап, ақжолтай тілектерін жаудырды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 1
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0