Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кезекті отырысын көктемгі су тасқынына дайындық мәселесінен бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Еліміздің бірқатар өңірінде қар күрт ери бастады. Солтүстікте әлі боран соғып тұр. Сондықтан көктемгі су тасқынына дайын болуымыз керек. Су тасқыны кезеңінің басталуына көп уақыт қалған жоқ. Әкімдер бұл мәселені ерекше бақылауға алуы қажет. Төтенше жағдай туралы халықты хабардар ететін барлық жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіңіздер. Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына толығымен дайын болуға тиіс. Сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру қажет», - деді Бектенов Үкімет отырысында.
Премьер-министр әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ орынбасары Қанат Бозымбаевқа жақын арада осы мәселе бойынша республикалық жедел штабтың отырысын дайындауды тапсырды.