Сүйіктісінің денесін қышқылмен ерітіп өлтірген ер адам ұсталды

Қыркүйек 24, 2024 - 10:19
app_badging Қыркүйек 24, 2024 - 10:20
chat_bubble  0 visibility  89
Сүйіктісінің денесін қышқылмен ерітіп өлтірген ер адам ұсталды

Санкт-Петербург қаласының 36 жастағы тұрғыны Михаил сүйіктісін пышақтап, асқан айуандықпен өлтірген, - деп хабарлайды Massaget.kz 

Ер адам азғындық әрекетінен кейін бұрынғы әйеліне аудиохабарлама жіберіп, жантүршігерлік нәрселер істегенін мойындаған. Ол 21 жастағы сүйіктісін аяусыз өлтіргенін, қанын ваннаға ағызып, денесінің қалған бөлігін қышқылмен ерітіп жібергенін айтқан. Мұны естіген ер адамның бұрынғы әйелі бірден полицияға хабарлаған. 

Күдікті ер адам бірнеше сағаттан кейін Калининградтың әуежайында ұсталды. 

Марқұм қыздың қалған денесі күдіктінің Toyota Will Сypha автокөлігінен табылған. Ер адам қандай қышқылды қолданғаны әзірге анықталып жатыр. Сонымен қатар ер адамның үйінен сутегінің асқын тотығы құйылған канистр табылған. 

Ер адам жабдықтарды жөндеумен айналысады. Сонымен қатар ол химияға қызығатын болып шықты. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0