Талапкерде ат жарысы кезінде үш жасар бала ауыр жарақат алды

Маусым 9, 2026 - 17:07
chat_bubble  0 visibility  2
Талапкерде ат жарысы кезінде үш жасар бала ауыр жарақат алды
Фото: pixabay

Ақмола облысы Талапкер ауылында атпен жарыс ұйымдастырған жігіттердің кесірінен үш жасар бала ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға 5 маусым күні Әл-Фараби көшесінде болған. Баланың анасы Салтанат Ибраеваның айтуынша, бірнеше жігіт ауыл көшесімен екі рет атпен жарысқан. Кешкі сағат 18:20 шамасында олардың бірі үш жасар баланы қағып кеткен.

Салдарынан бала ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер оған шұғыл түрде екі сағатқа жуық ота жасап, езілген бауырын тіккен. Кейін қолының сынғаны анықталып, тағы операция жасалған.

Анасының сөзінше, баланың басындағы қылтамырлар жарылған, сондай-ақ дәрігерлер асқазан асты безінің зақымдануы мүмкін екенін айтқан. Қазір оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Салтанат Ибраева ат жарысы кездейсоқ емес, әдейі ұйымдастырылғанын айтып, кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етті. Оның мәліметінше, оқиғаға қатысы бар азаматтардың ешқайсысы әлі ұсталмаған.

Ал Ақмола облысы полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0