Талдықорған – Текелі тасжолында алып ағаш жеңіл көліктің үстіне құлады

Шілде 22, 2026 - 11:58
chat_bubble  0 visibility  9
Талдықорған – Текелі тасжолында алып ағаш жеңіл көліктің үстіне құлады
Фото: Видеодан скрин

21 шілде күні Талдықорған – Текелі тасжолында Toyota Camry жеңіл көлігінің үстіне ағаш құлады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ескелді ауданы әкімдігінің хабарлауынша, ағаш қатты желдің салдарынан жолға құлаған.

Қатты жел салдарынан Қарабұлақ-Текелі автожолының "Өмір бұлақ" маңында жолдың жүру бөлігіне ағаш құлап, оған Toyota Camry автокөлігі соқтығысқан.

"Көлікте бес адам болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші Ескелді аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Жағдайы тұрақты. Көлікте қысылып қалған адамдар болған жоқ", - делінген хабарламада.

ТЖД қызметкерлері ағаштың бұтақтарын кесіп, жолдың жүру бөлігін ішінара тазалап, көліктердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз еткен.

Жетісу облыстық ТЖД жүргізушілерге қатты жел кезінде жолда барынша сақ болып, қауіпсіз жылдамдықты сақтауға кеңес береді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0