«Қуанып тұрмын»: Танымал актриса хиджабын шешті (ВИДЕО)
Танымал актриса Жанель Мақажан хиджабын шешті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа бейнежазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды. Видеода актрисаның орамалсыз жүргені байқалады.
Жанель Мақажанның айтуынша, ол жұбайымен бірге той саласында қызмет етуді жоспарлап отыр. Алайда актриса әзірге хиджабын шешуге қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Желі қолданушылары бұл өзгеріске қатысты түрлі пікір білдіруде. Бірі актрисаның таңдауын қолдап, сәттілік тілесе, енді бірі оның бұл қадамын сынға алды.
«Орамалды ойыншық қылды», «Бәріне не болған?», «2026 жыл хиджаб шешу жылы», «Той үшін орамалын шешкен бе?», «Өте өкінішті»,«Қуанып тұрмын», «Хиджабпен үлкен көрінеді», «Енді жас көрінесіз», «Иман киіммен өлшенбейді», «Одан да сұлулана түстіңіз», «Осылай жүре беріңдерші», –деп жазды көпшілік.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0