Танысыңыз ақша сұраса, не істеу керек: полиция кеңес берді

Мессенджер арқылы ақша сұраған адаммен алдымен телефон арқылы хабарласып, жағдайды нақтылау керек

Қазан 20, 2026 - 11:53
 0  2
Танысыңыз ақша сұраса, не істеу керек: полиция кеңес берді
Фото: istockphoto.com

Ішкі істер министрлігі Telegram мен WhatsApp мессенджерлеріндегі аккаунттарды бұзу деректерінің көбейгенін ескертті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында мұндай 14 дерек тіркелген. Алаяқтар азаматтардың мессенджердегі аккаунттарын иемденіп, олардың атынан таныстарына хабарлама жіберіп, ақша сұрайды. Ол үшін алдымен "дауыс берші" деген өтінішпен сілтеме жолдайды.

"Бұл – азаматтардың мессенджердегі аккаунттарын иемденуге бағытталған алаяқтық тәсілдердің бірі. Жіберілген сілтемеге өткен жағдайда алаяқтар аккаунтқа қол жеткізуі мүмкін. Аккаунтты бақылауына алғаннан кейін олар иесінің атынан байланыстағы адамдарға хабарлама жіберіп, ақша сұрайды", - деп ескертті полиция.

Мысалы, алаяқтар "80 мың теңге жіберші, кешке қайтарамын" деп жазуы мүмкін. Егер адам ақша аударуға дайын болса немесе мән-жайды сұраса, олар асықтырып, ақшаны басқа есепшотқа тез арада жіберуді талап етеді.

Ал аккаунттың шынайы иесі мессенджерге кіре алмай қалуы ықтимал. Полиция күмәнді сілтемелерге өтпеуге және мессенджер арқылы ақша сұраған адаммен алдымен телефон арқылы хабарласып, жағдайды нақтылауға кеңес берді.

Сонымен қатар, фотосуреттерге қатысты хабарламалардан да сақ болған жөн. Алаяқтар "Мына суретте сен емессің бе? Мұны қашан түсірдің?" деген мәтінмен сілтеме жіберуі мүмкін. Мұндай сілтемеге өткен жағдайда телефонға зиянды бағдарламалар орнатылуы ықтимал.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0