Тараздық 147 ұстаз демалыс уақытында жұмысқа жегілген

Шілде 24, 2025 - 11:09
 0  34
Тараздық 147 ұстаз демалыс уақытында жұмысқа жегілген
Фото: istockphoto.com

Тараз қаласындағы орта мектептердің 147 мұғаліміне қатысты еңбек заңнамасының бұзылу фактісі анықталды, деп жазады Sadaq.kz.

Белгілі болғандай, педагогтарға мерекелік, демалыс және түнгі уақыттарда атқарған еңбектері үшін үстемақы төленбеген. Сондай-ақ ұжымдық шарттар сақталмаған.

Жамбыл облыстық прокуратурасының мәліметінше, аталған заңбұзушылықтар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Конституцияға қайшы келеді.

Прокуратура қабылдаған қадағалау актісінің нәтижесінде, мұғалімдерге тиісті ақылар толықтай төленіп, олардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.

Заңнамаға сәйкес, әрбір азаматтың тынығуға, лайықты еңбек жағдайына және әділ еңбекақыға құқығы бар.

Бұл бағыттағы бақылау жұмыстары жалғасады.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0