Теміртауда қонаққа барған ер адам үй иесін өлтірді

Маусым 12, 2026 - 10:04
chat_bubble  0 visibility  3
Теміртауда қонаққа барған ер адам үй иесін өлтірді
Фото: Gov.kz

Қарағанды облысы Теміртау қаласында таныстар арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Оқиға Металлургтер даңғылындағы жеке пәтерлердің бірінде болған. Қонаққа барған ер адам үй иесін пышақтаған. Алған жарақатынан 33 жастағы ер адам көз жұмды.

Полиция қылмыстық іс қозғады. 37 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

"Таныстар арасында жанжал туындаған. Жанжал кезінде 33 жастағы пәтер иесіне пышақ жарақатын салған, ол оқиға орнында алған дене жарақатынан көз жұмды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Қарағанды облысының полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0