Теңіз кенішіндегі апат: Арнайы комиссия тергеу жүргізіп жатыр

Қаңтар 22, 2026 - 10:42
 0  1
Теңіз кенішіндегі апат: Арнайы комиссия тергеу жүргізіп жатыр
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Теңіз кенішіндегі газ турбиналы қондырғылардың істен шығуына байланысты арнайы комиссия құрылып, тиісті тексерісті бастады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің ресми мәліметіне сүйеніп хабарлайды Sadaq.kz.

Министр Ерлан Ақкенженовтің тапсырмасы бойынша вице-министр Қайырхан Тұтқышбаев жағдайды бақылауға алып, оператормен бірлескен жұмыстарды үйлестіруде. Министрлік 18 қаңтарда орын алған технологиялық ақаудың барлық мән-жайын анықтау үшін құзырлы органдар мен сала мамандарын жұмылдырды.

Тергеу тобының құрамына Энергетикалық қадағалау комитетінің, Атырау облысы әкімдігінің, «KEGOC» АҚ және «Тенгизшевройл» компаниясының өкілдері енді. Олар оқиғаның неден болғанын анықтау үшін кешенді техникалық талдау жүргізеді.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, Теңіз және Королевское кеніштерінде мұнай өндіруді уақытша тоқтату шешімі қауіпсіздік талаптарына сай қабылданған. Бұл шара ең алдымен жұмысшылардың қауіпсіздігі мен өндірістік жабдықтардың бүлінбеуін қамтамасыз ету үшін қажет болды.

Барлық ресми қорытындылар мен пікірлер комиссия жұмысы толық аяқталғаннан кейін ғана жарияланбақ. Еске сала кетейік, 18 қаңтарда кеніште өрт шығып, кейіннен электр жүйесіндегі ақауларға байланысты өндіріс уақытша тоқтатылған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0