Терісін сыпырып алған: Алматыда 14 иттің өлексесі табылды
Алматының Алатау ауданында иттердің өлексесі табылды, деп хабарлайды sadaq.kz.
9 наурыз сағат 10:00 шамасында 102 пультіне Көкорай көшесіндегі қоқыс алаңында иттердің өлексесі жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 14 иттің өлексесін тапты.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда терісі сыпырылған иттердің өлексесін көруге болады. Полиция қылмыстық іс қозғады.
"Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іздестіру және тергеу шараларын жүргізуде. Оқиға орны мұқият зерделеніп, ықтимал куәгерлерден жауап алынуда, сондай-ақ осы дерекке қатысы бар адамдарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді полиция. Сағат 13:30-да жануарлардың қалдығы шығарылды, аумақ тазартылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0