Тізгін арулардың қолында: Астанада әйел тұлғасына арналған ерекше көрме ашылды

Наурыз 10, 2026 - 17:53
app_badging Наурыз 10, 2026 - 18:14
chat_bubble  0 visibility  1
Тізгін арулардың қолында: Астанада әйел тұлғасына арналған ерекше көрме ашылды
maxbaikenov.com

Елорда төріндегі Ұлттық музейде Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Äiel Tizginde» атты ауқымды көрменің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жоба заманауи қазақстандық әйелдің қоғамдағы рөлін жаңа қырынан зерделеп, оның ерік-жігері мен жасампаз тұлғасын өнер тілімен сөйлетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Көрменің ашылу салтанатына өнер майталмандары, қоғам белсенділері мен креативті индустрия өкілдері жиналды. Экспозицияға еліміздің түкпір-түкпірінен және Париж, Манила, Рим сияқты әлемнің 26 қаласынан келген 1000-нан астам өтінімнің ішінен іріктелген 200 бірегей жұмыс қойылған. Кескіндеме, фотосурет және инсталляция жанрындағы бұл туындылар әйел бейнесін тек нәзіктік емес, үлкен жауапкершілік пен батылдық тұрғысынан сипаттайды.


«Äiel Tizginde» атауының өзі айтып тұрғандай, жобаның басты кейіпкерлері — өз өмірінің тізгінін нық ұстаған арулар. Көрмеден темір тұлпар тізгіндеген жүргізушілерді, аспан көгін бағындырған ұшқыштар мен түрлі салада көш бастап жүрген еркін бейнелерді көруге болады. Бұл — қазіргі Қазақстанның мәдени кодын қалыптастырып жатқан авторлардың ортақ үні.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама 2024 жылы шағын жоба ретінде басталып, бүгінде ұлттық деңгейдегі ауқымды қозғалысқа айналған. Көрме барысында суретшілер әйел тұлғасының қоғамдағы орнына жаңаша көзқарас ұсынып, оның жасампаздық қуатын паш етті.

Салтанатты шара аясында байқау жеңімпаздары анықталып, үздік авторларға құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, көрме қонақтары өздеріне ерекше әсер қалдырған туындыға дауыс беру арқылы «Көрермен көзайымы» номинациясының иегерін анықтай алады.

Көрме наурыз айының 25-іне дейін Ұлттық мұражайдың 6-қабатында өтеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0