«Топырақ астынан ағамды көрдім»: Журналист Жангелдиндегі оқиғаға қатысты дерек айтты (ВИДЕО)
Атыраудағы жоғалған отбасындағы марқұм ерлі-зайыптылардың табылған сәті туралы журналист Жанат Молдашева баяндап берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл туралы журналист Kursiv.Media-ға берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, мәйітті полиция қызметкерлері емес, туыстары бірінші болып тапқан.
«Бәрін нақтылап алу үшін Шалқар деген жігітке хабарластым. Ол бәрін баяндап берді. «Ағайындар жиналып, есіктің алдында тұрдық. Өзіміз бастап қарайықшы деп, сарайға кірдік. Диван бұрын басқа жерде тұратын еді. Орыны ауысқан екен. Осы жерді көрейікші. Бұрын негізі басқа жерде тұратын еді. Өзіміз ығыстырдық. Астында стяжка болатын еді. Ол бұзылған. Топырақ жатыр екен. Ашып жатқан кезде құзырлы органдардың өкілдері келген. Күрек әкеліп қазған. 1 метрдей қазған кезде жұмсақ топырақ астынан ағамды көріп қалдық. Арғы жағынан жеңгемнің қолын байқадым. Әрі қарай дәтім бармады. Иістенген»,- деді. Оны басқа жігіттердің бірі алып шыққан сияқты. Тыңдаудың өзі ауыр болды...», – деді журналист.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0