Трамп Иранмен болған соғысқа өкінбейтінін мәлімдеді
АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранмен соғысты бастағанына, оның Конгресстегі аралық сайлауға тигізуі мүмкін әсеріне қарамастан, өкінбейтінін мәлімдеді, деп хабарлады Reuters.
Fox News арнасына берген сұхбатында Трампқа мұнай мен бензин бағасының өсуі және Республикалық партия үшін саяси тәуекелдер аясында Иранға қарсы әскери операция бастау шешіміне өкіне ме деген сұрақ қойылды.
«Мен "өкініш" деген сөзге сенбеймін. Әрқашан өзіңе аз-кем күмәндануға болады. Егер мұны қайта жасауға тура келсе, дәл солай ісер едім», – деді Трамп.
Ол сондай-ақ өз жақтастарының бір бөлігі соғысқа көңілі толмай жүр деген пікірді жоққа шығарды.
«Олардың деморализацияланғанына сенбеймін. Менің Иранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермегенімді мақтан тұтады деп ойлаймын», – деді АҚШ Президенті.
Трамп соғыс сайлаудан кейін аяқталады деп есептейді
Америка көшбасшысы қақтығыстың қараша айындағы аралық сайлаудан кейін бірден аяқталуы мүмкін екенін тағы да мәлімдеді.
«Ол сайлаудан кейін бірден аяқталады», – деді Трамп.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0