Трамп Нью-Мексико штатын «Жаңа Америка» деп қайта атауды ұсынды
АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Мексико штатының атауын New America («Жаңа Америка») деп өзгертуді ұсынды. Ол Truth Social желісіндегі жазбасында бұл бастаманы көпшілік қолдайтынын айтып, жаңа атау әлдеқайда беделді әрі тартымды естілетінін жеткізді, деп хабарлайды BILD басылымы.
Нью-Мексико губернаторы Мишель Лухан-Гришэм бұл ұсынысты қабылдамады.
— Бұл атау Америка Құрама Штаттары құрылғанға дейін-ақ пайда болған, — деді ол Fox News-ке берген сұхбатында.
Сондай-ақ губернатор Трампты жанармайдың қымбаттауынан жұрттың назарын басқа жаққа бұруға тырысып отыр деп айыптады.
Трамп Нью-Мексико штатында сайлауға қатысты «бұрмалаушылықтар» жиі кездеседі деп есептейтінін айтып, ұсынысын осы пікірмен байланыстырды.
Ақ үй қазірдің өзінде New Mexico атауындағы Mexico сөзінің сызылып, орнына America сөзі жазылған суретті жариялады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0