Трамп өзіне қатысты қылмыстық істерді тергеген заңгерлерді жұмыстан қуып жатыр

Қаңтар 28, 2025 - 17:29
Трамп өзіне қатысты қылмыстық істерді тергеген заңгерлерді жұмыстан қуып жатыр
Фото: Allison ROBBERT / AFP

АҚШ президентінің әкімшілігі Әділет министрлігіндегі ондаған заңгерді қызметінен алып жатыр. Олар Трамптың үстінен қозғалған қылмыстық істі тергеген болатын, деп хабарлайды sadaq.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

Бас прокурордың міндетін орындаушы Джеймс Макгенридің «президентті қудалауға қатысқан заңгерлер ендігәрі мемлекет басшысының тапсырмаларын адал атқарады дегенге сенбеймін» деген сөзінен кейін оншақты қызметкер жұмыстан шығып қалды.

Министрліктен қуылған заңгерлер Трамптың бұрынғы президенттік уақытында «құпия құжаттарды үйінде сақтауы» және «2020 жылы президенттік сайлаудың нәтижесін өзгертуге тырысуы» деген айыптарды зерттеген. Бірақ бұл істер биыл 5 қарашада Трамптың жеңісінен кейін жабылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow