«Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым

Сәуір 28, 2025 - 14:54
«Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым
фото: видеодан скриншот

Мәжіліс депутаты, саясаттанушы Айдос Сарым Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей-Украина соғысын жақын арада тоқтата алмайды деген пікір білдірді.

«Трамп соғысты жақын арада тоқтата алмайды. АҚШ президентінің өкілдерінің баспасөзге берген «утечкаларына» қарағанда Трамптың Украинадағы соғысқа қатысты көңілі қалған, мүмкіндігі болса, тайқып шығып кеткісі келеді.

Одан да қолдан келетені дүниемен айналысқанды қолай көреді. 24 сағат та өтті, 100 күн де өтті. Саясатқа келгенде қолыңда тұрған нәрсеге де ие бола алмай қалатын кездер болатынын ескеру керек. Ал Ресей мен Украина – үлкен машина, өзара қозғалысқа, күреске түскен. Оларды тоқтату қиынның қиыны. Тіпті, Зеленский де қанша жерден мүдделі болса да соғысты тоқтата алмайды.

Өйткені, қоғамдық пікір бар, әскерилер бар, атылған, өлген адамдар, төгілген қан бар, жетім-жесір бар, айтылған сөз бар. Мынадай да дерек шықты. Ресейдің күнделікті жылжып отырған пәрменімен, екпінімен Киевті 7-8 жылда ғана алады екен. Бірақ ол жолда тағы млн-даған адам қырылады. Екі жақтан да. Сосын Ресей де түсінеді-ау деп ойлаймын, шығынның да шегі болады. Қазір барлығын қадағалап отырмын, қарсы сөйлегендерді түрмеге қамап жатырмын дегеннің өзінде саясаттың тізгіні бір күні қолыңнан түсіп қалуы мүмкін.

Сол кезде сені ешкім аямайтынын, «спрос» жасалатынын олар да іштей сезетін шығар. Путин сезбесе де, екінші, үшінші эшелондағы саясаткерлер сезуі ықтимал», - деді саясаттанушы.

Айдос Сарымның пікірінше, қазіргі таңда Украинаның ахуалы ауыр.

«Ресей Украинаның соңғы алған аймақтарын қайтаратын болса, АҚШ Қырымды мойындауға әзір деген ақпараттар да шығып жатыр. Бұл шешім қабылданса, автоматты түрде Еуроодақ пен АҚШ-тың арасы ажырайды дегенді білдіреді. Қазір Украинаның жағдайы мәз емес. Қайталап айтамын, Украинаның жағдайын шын ойлап отырған мемлекет жоқ», - деді депутат.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow