Тұңғыш Президент саябағы толықтай жабылады

Қыркүйек 8, 2026 - 11:11
 0  60
Тұңғыш Президент саябағы толықтай жабылады
Фото: TASS

Тұңғыш Президент саябағы жаңғырту жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Алматыда Тұңғыш Президент саябағы келушілер үшін толықтай жабылады
Фото: Алматы әкімдігі

Алматының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының мәліметінше, саябақты жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін кезеңде саябақ аумағы келушілер үшін толықтай жабылады.

Алматыда Тұңғыш Президент саябағы келушілер үшін толықтай жабылады
Фото: Алматы әкімдігі

- Саябақта инженерлік және жүргіншілер жолы жаңартылып, аумақты кешенді көркейту мен көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Жаңғырту кезінде қала тұрғындары мен қонақтары жақын орналасқан Flow Park демалыс орнында серуендей алады, - деп хабарлады басқармадан.

Алматы әкімдігі жұмыстардың аяқталу мерзімі мен саябақтың ашылатын күні туралы қосымша хабарлайды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 1
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 1
😮 Жарайсың 0