Түркістан облысында анасын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Шілде 27, 2026 - 12:56
chat_bubble  0 visibility  4
Түркістан облысында анасын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысы Түлкібас ауданында өз анасын өлтірді деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды, деп жазады Sadaq.kz.

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, пышақ жарақаты бар егде жастағы әйелдің сүйегі өз үйінен табылған.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Марқұмның 40 жастағы ұлы күдікті ретінде ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстың нақты себебі әзірге белгісіз", – деп жазылған ресми хабарламада.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0