Түркістан облысында бір жасар бала сырға жұтып қойды
Оқиға 22 қазанға қараған түні болған. Мақтарал ауданынан жеткізілген баланың өңешіндегі бөгде зат рентген арқылы анықталған.
Түркістан облысында сырға жұтып қойған бір жасар сәбиге дәрігерлер шұғыл көмек көрсетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиға 22 қазанға қараған түні болған. Мақтарал ауданынан жеткізілген баланың өңешіндегі бөгде зат рентген арқылы анықталып, дәрігерлер эзофагоскопия көмегімен сырғаны сәтті алып шықты.
Түркістан облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, қазір сәбидің жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Дәрігерлер ата-аналарды ұсақ заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтауға шақырды.