Түркістан облысында мас күйде көлік тізгіндеген әйел 3 адамның өмірін қиды

Маусым 8, 2026 - 17:13
chat_bubble  0 visibility  16
Түркістан облысында мас күйде көлік тізгіндеген әйел 3 адамның өмірін қиды
фото: әлеуметтік желіден

Түркістан облысының Арыс қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Арыс қаласында JAC маркалы автокөлікті тізгіндеген әйел мас күйінде бірнеше адамды қағып, қашып кеткен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

— Оқиға орнында 3 адам, оның ішінде екі кәмелетке толмаған жасөспірім көз жұмды. Сондай-ақ зардап шеккен екі адам медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілді, — деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаменті.

Қазір жедел-тергеу тобы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Полиция азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0