Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азамат туған анасын өлтірді деген күдікке ілінді
Түркістанда сал ауруына шалдыққан ер адам анасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Otyrar.kz басылымында хабарланды, деп жазады sadaq.kz.
Қанды қылмыс Түлкібас ауданында болған. Бейресми ақпараттарға сүйенсек, күдіктіге церебралды сал ауруы диагнозы қойылған.
Ауыл тұрғындары сөзінше, шамамен 40 жастағы азамат туған анасын өз үйінде пышақтап өлтіргенін хабарлаған. Бұл қадамға не түрткі болғаны әзірге белгісіз.
Бүгінде болған жайтты облыстық полиция департаменті растады. Қазір күдікті қамауға алынып, қылмыстың барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0