Түркістан облысында жиһаз цехы өртеніп кетті
Түркістан облысы Сауран ауданында жиһаз цехы жанып кетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенде шатырдың өртеніп жатқаны байқалды. Өртке жоғарылатылған ранг беріліп, оны сөндіру жұмысы ұйымдастырылды.
Өртті сөндіруге ТЖМ күштері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жедел түрде жұмылдырылды. Барлығы 110-нан астам жеке құрам және 22 бірлік техника тартылды.
«Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт толықтай сөндірілді. Жану аумағы шамамен 1300 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0