Украина СІМ басшысы Тоқаевтың соғысты тоқтату туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

Шілде 27, 2026 - 08:49
chat_bubble  0 visibility  8
Украина СІМ басшысы Тоқаевтың соғысты тоқтату туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді
Фото: Униан

Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибига Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығысты тоқтатуға қатысты айтқан пікіріне қолдау білдірді. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Министрдің сөзінше, Қазақстан президентінің соғысты аяқтауға шақырған мәлімдемесі дер кезінде айтылған маңызды үндеу болды.

«Президент Тоқаевтың Путинге соғысты тоқтататын уақыт келгенін айтқанын жоғары бағалаймыз. Бұл – шынайы, уақтылы әрі дана үндеу», – деп жазды Андрей Сибига.

Ол сондай-ақ Украина бұған дейін де қазіргі майдан шебі бойынша атысты тоқтатып, келіссөздер процесін бастау жөнінде бірнеше рет ұсыныс жасағанын еске салды.

Алайда, оның айтуынша, Ресей тарапы бұл бастамаларды қолдамаған. Сибига Ресей президентінің баспасөз хатшысы Қазақстан президентінің ұсынысына да оң жауап бермегенін атап өтті.

 Бұл бір ғана қорытынды жасауға мүмкіндік береді: Мәскеу бейбітшілікке бағытталған нақты ұсыныстарды қабылдауы үшін оған қысымды күшейту қажет», – деді Украина сыртқы істер министрі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0