«Вирус сияқты жұқтырып кетті»: Тарихшы Тұрсынбек Қабатовты қатаң сынады (ВИДЕО)
Танымал тарихшы, қоғам белсендісі Құттыбек Әшірхан әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа ренжігенін айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл туралы ол журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында бөлісті.
«Тұрсынбек Қабатовқа ренжіген жерім– Оралдың жаргонын миллиондаған көрерменге вирус сияқты жұқтырып кетті. «Айтып жатырқ, істеп жатырқ» деген. Мен айтамын: «Айналайын, «тырқ» деген сөз адамның аузынан шықпайды, артынан шығады. «Неменеге тырқ-тырқ етіп, тырқылдап отырсың?» деп айтады. Ол бір анайылау сөз. Әдеби нормаға келмейді. Біз әдеби норманы сақтауымыз керек. «Біррез» деген сөз бар тағы. Бұл-сөз емес, бөз. Біррез емес, «бір рет», «қайта», «дүркін» деген сияқты қазақтың қаншама синонимы бар. Сөйлеу мәдениетіне мән беру керек»,–деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
1
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0