ҰҚК ресми растады: «ҚазТемірТранс» филиал директоры тергеуге ілікті
Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) «ҚазТемірТранс» АҚ Алматы филиалының директоры Ақылбек Бәзеновке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын ресми түрде растады. Бұл туралы ақпаратты fbrk.kz порталы жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұған дейін БАҚ-та Бәзеновтің Алматыдағы мейрамханалардың бірінде 540 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Болжам бойынша, бұл қомақты қаржы жеке күзет компаниясына нысандарды қорғауға рұқсат алып беру үшін берілген.
«ҚазТемірТранс» компаниясы тергеуге көмектесіп жатқанын айтты, бірақ пара сомасына күмәнмен қарайды. Кәсіпорын мәліметінше, филиалдың күзетке бөлетін жылдық бюджеті небәрі 9 млн теңге, ал бүкіл компания бойынша бұл сома 200 млн теңгеден аспайды.
Айта кетейік, «ҚазТемірТранс» — ҚТЖ-ның жүк вагондары бойынша ең ірі операторы. Қазіргі уақытта істің ақ-қарасын тергеу органдары анықтап жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0