«Ұлым жетіспей тұр»: Төбелесте қаза тапқан ер адам танымал бапкердің ұлы болып шықты

Қаңтар 22, 2026 - 08:21
Қаңтар 22, 2026 - 09:51
 0  3
«Ұлым жетіспей тұр»: Төбелесте қаза тапқан ер адам танымал бапкердің ұлы болып шықты
Фото: Sadaq коллажы

20 қаңтар күні Шымкентте болған жаппай төбелес кезінде  қаза тапқан Василий Колесниковтың әкесі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Марқұмның грек-рим күресінен ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері, танымал бапкер Александр Колесниковтың ұлы екені белгілі болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ол қайғылы оқиғадан бір күн бұрын марқұм болған әйелінің жылын өткізген.

«Ұлым жетіспей тұр. Бір жыл бұрын әйелімнен айрылып қалған едім, енді ұлым жоқ. Төрт ұлым бар, енді үшеуі қалды. Кішілерге айтпадым, көлік апатынан қаза тапты дедім. Ал шынында пышақтан, кісі қолынан қаза тапты. Орны ойсырап тұр»,– деді әкесі жүрегі қан жылап.

Әкесінің айтуынша, баласы тек отбасына ғана емес, көрші-көлемге де көмектесіп жүретін, спортты жанына серік еткен азамат болған. Василий тіпті ислам дінін қабылдап, мүмкіндігі шектеулі көрші балаға үнемі сыйлық жасап тұрады екен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті төрт ер адамды ұсталып, қамауға алынды.Тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0