«Үргендердің үні өшсін»: Мұхтар Шахановқа тіл тигізген ер адам елдің ашуын туғызды (ВИДЕО)

Сәуір 27, 2026 - 12:49
app_badging Сәуір 27, 2026 - 13:08
chat_bubble  0 visibility  203
«Үргендердің үні өшсін»: Мұхтар Шахановқа тіл тигізген ер адам елдің ашуын туғызды (ВИДЕО)
Коллаж: Sadaq.kz.

Алматыда Абдолла Розыбакиев көшесін ақын Мұхтар Шахановтың атына өзгерту туралы ұсынысқа  қарсы шыққан ер адам елдің ашуын туғызды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұған дейін қоғам белсенділері көшеге ақынның есімін беру үшін петиция жариялаған болатын. Дегенмен, «Мамбетадор» атты желі қолданушысы бұл ұсынысты қолдамайтынын айтып, Мұхтар Шахановқа қатысты даулы видео жариялаған. 

«Алматыда Розыбакиев көшесінің атауын өзгерту туралы петиция беріпті. Қандай да бір адамның атына ауыстырмақ, тіпті оның атын атаудың өзі қорқынышты. Ол – Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды ақтаған ревизионист. Бұл не сұмдық өзі? Розыбакиевтің Қазақстан үшін істеген еңбегін еске алайық. Ал ана “атын атауға болмайтын” адам ше? Бұл мен білетін алматылықтардың тірлігі емес. Мүмкін олар тіпті алматылық емес те шығар», – деді ол.

Танымал заңгер Мейірман Шекеев бұл іске бей-жай қарамайтынын, ұлттық намысымызға тіл тигізген ер адамды жауапқа тартуға күш салатынын айтты.

«Біздің ұлттық намысымызға тіл тиіп жатыр. Розыбакиевке ешқандай өкпеміз жоқ. Бірақ Мұхтар Шаханов біздің тұлғамыз. Оны қаралауға жол бермейміз. Айтып отырғанының бәрі ұлттың намысына тиеді. Себебі желтоқсаншылар кейінірек құқықтық бағасын алған. Бізге қарап үргеннің үні өшсін!»,– деді заңгер бейнежазбада. 

Желі қолданушылары да өз наразылықтарын білдіріп, пікірлерін қалдырды.

Еске сала кетейік, ақын  Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0