«Үй пышағымен өлтірген»: Атыраудағы қанды қылмысқа қатысты сұмдық дерек шықты

Сәуір 23, 2026 - 14:33
app_badging Сәуір 23, 2026 - 16:11
chat_bubble  0 visibility  6
«Үй пышағымен өлтірген»: Атыраудағы қанды қылмысқа қатысты сұмдық дерек шықты
Коллаж: Sadaq.kz.

Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты тың деректер белгілі болды, деп хабарлайды Sadaq.kz  "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Облыстық прокуратура өкілінің айтуынша, күдікті бұл қылмысты асқан қатыгездікпен жасаған.

"Тергеу барысында күдіктінің Қарабалиндер отбасын аса айуандықпен жайратып салғаны белгілі болған. Сараптамада марқұмдардың әрқайсысының денесінде бірнеше жерден  кесілген және тесілген жарақаттар анықталыпты", – дейді телеарна тілшісі.

Сараптама нәтижелері бойынша өлімге дәл осы ауыр пышақ соққылары себеп болған. Сондай-ақ,  жәбірленушілердің денесінен ас үй пышағымен салынған алтыдан астам жарақат табылған. Марқұмдардың кеуде тұсы мен мойын аймағына және ішкі ағзаларына  қатты соққы тиген. 

Тергеу нәтижесінде Қарабалиндер отбасының  әртүрлі уақытта қаза тапқаны белгілі болды. Біреуі мамыр айында, ал қалғандары қарашада өлтірілген.

Қазір бұл іске қатысты барлық тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0