Зардап шеккендер бар: Астанада 18 жастағы жүргізуші жеміс-жидек дүкеніне соғылды
Астанада 18 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай жеміс-жидек сататын дүкеннің ішіне кіріп кетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
– Алдын ала анықталғандай, жүргізуші Есіл ауданындағы Аманжол Бөлекпаев көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай, көкөніс дүңгіршегіне соғылған, – деп хабарлады полиция өкілдері.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан сауда павильонының ішінде болған 15 жастағы бойжеткен жарақаттанды. Ол медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетіліп жатыр.
Қазіргі уақытта жол көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0