Зеленский мен Трамп өкілдерінің алғашқы келіссөз раунды аяқталды

Қыркүйек 7, 2026 - 09:26
chat_bubble  0 visibility  2
Зеленский мен Трамп өкілдерінің алғашқы келіссөз раунды аяқталды
фото: видеодан скриншот

Киевте Украина президенті Владимир Зеленскийдің АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен келіссөздерінің алғашқы раунды аяқталды. Бұл туралы украиналық ақпарат агенттіктері хабарлады, деп жазады BBC.

Кездесудің мән-жайы әзірге жарияланған жоқ. Украина тарапынан келіссөзге Президент Владимир Зеленский, оның кеңсесінің басшысы Кирилл Буданов, Будановтың орынбасары Сергей Кислица және Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров қатысқан.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, көп ұзамай келіссөздердің екінші раунды басталады. Оған Франция, Германия және Ұлыбританияның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері қатысады деп күтіледі.

Бұған дейін АҚШ президентінің өкілдері Польша арқылы пойызбен Киевке барғаны хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0