«Жағымсыз сөз айтты»: Футболшы Оразов алаңдағы оғаш әрекетіне түсініктеме берді (ВИДЕО)

Сәуір 28, 2026 - 17:12
chat_bubble  0 visibility  2
«Жағымсыз сөз айтты»: Футболшы Оразов алаңдағы оғаш әрекетіне түсініктеме берді (ВИДЕО)
Фото: ҚФФ, видеодан скрин

Рамазан Оразов әлеуметтік желіде қызу талқыланған «Қайратпен» матчтағы жанжалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

«Қайратпен» матчтағы қимылым бойынша жағдайды түсіндіргім келеді. Мәселе мынада, «Қайраттың» легионерлерінің бірі менің отбасыма қатысты жағымсыз сөз айтты. Бұл — жол беруге болмайтын нәрсе. Мен бұған басқаша жауап бере алмадым. Әр нәрсенің шегі бар деп есептеймін және осындай жағдайда отбасымды әрқашан қорғаймын.

Біздің чемпионатта кім туралы айтып тұрғанымды және оның қандай ойыншы екенін бәрі біледі. Бұл жолы ол оңай құтылып кетті деп ойлаймын, алаңнан тыс жерде мұндай сөзді бетіме айта алмас еді. Ол тек арандатуға шебер, бірақ сөзіне жауап бере алмайды.

Бұл жағдай тек бір ойыншыға қатысты реакция болды. Мен «Қайрат» клубын құрметтеймін. Тағы да атап өтемін, бұл — мен футболдағы қалыптасу жолым өткен, кәсіби мансабым басталған команда», – деді Оразов.

Айта кетейік, "Қайрат" пен "Елімай" арасындағы матчта 2:2 нәтижесі тіркелді. Рамазан Оразов "Елімай" футбол клубының капитаны ретінде алаңға шықты. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0