Жамбыл облысында бір күнде 300-ден астам жаңа пәтер пайдалануға берілді

Маусым 12, 2026 - 21:17
chat_bubble  0 visibility  3
Жамбыл облысында бір күнде 300-ден астам жаңа пәтер пайдалануға берілді
Фото: видеодан кадр

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға жаңа баспананың кілтін табыстады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жалпы, бұл күні Тараз қаласы мен Аса ауылында барлығы 316 пәтерді қамтитын көпқаббаты тұрғын үйлер ұзақ жылдар бойы кезектегі тұрған азаматтарға берілді. 

Атап айтсақ, Тараз қаласындағы Ұлы дала шағынауданында 196 пәтерлі, ал Жамбыл ауданы Аса ауылында 120 пәтерлі тұрғын үйлер өз иелеріне үлестірілді. 

Салтанатты шараға «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова да қатысып, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.

Бұл күн – жылдар бойы өз шаңырағын аңсаған жүздеген отбасы үшін ерекше сәт. Бірі 11 жыл күткен баспанасына қол жеткізсе, енді бірі көпбалалы отбасымен жаңа өмірдің есігін ашты.

Облыс әкімінің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Айта кетейік, биыл Жамбыл облысында 1190 пәтерді қамтитын 31 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0