Жамбылда бұрынғы әйелінің қолын сындырған ер адам бас бостандығынан айырылды

Ерлі-зайыптылар ажырасқаннан кейін қайта қосылып, бір үйде тұрған

Қазан 21, 2026 - 16:26
 0  1
Жамбылда бұрынғы әйелінің қолын сындырған ер адам бас бостандығынан айырылды
фото: sputnik.kz

Жамбыл облысында бұрынғы әйелінің қолын сындырған ер адам бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Сот материалдарына сәйкес, ерлі-зайыптылар ажырасқаннан кейін қайта қосылып, бір үйде тұрған.

"Былтыр екеуінің арасында тұрмыстық жанжал шыққан. Сол кезде сотталушы әйелін бірнеше рет бетінен ұрған. Есінен танып қалған жәбірленушінің қолын да сындырған", - делінген соттың хабарламасында.

Әйел медициналық көмекке жүгінбекші болғанда тағы жанжал шыққан. Сотталушы оның ар-намысына тиетін сөз айып қорлаған.

Бұған дейін қалалық сот басбұзарды 1 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Ол сот актісін даулап, өзін ақтауды сұраған.

Апелляциялық алқа іс материалдарын зерттеп, бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0