Жаңаөзенде ауруханаға бөлінген 223 млн теңгені жымқырған күдіктілер ұсталды

Қыркүйек 11, 2026 - 11:38
chat_bubble  0 visibility  12
Жаңаөзенде ауруханаға бөлінген 223 млн теңгені жымқырған күдіктілер ұсталды
Фото: Видеодан скрин

Қаржылық мониторинг агенттігі Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы көпбейінді ауруханаға бөлінген демеушілік қаражаттың жымқырылуына қатысты іс қозғады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

2025 жылы күйік бөлімшесін ашу үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-дан 223 млн теңге бөлініп, қаражат «ӨзенМұнайГаз» АҚ арқылы «Жарылқау» қоғамдық қорына аударылған.

Бастапқы жоспар бойынша медициналық жабдықтардың сегіз түрін сатып алып, мамандарды оқыту көзделген. Алайда кейін жоба өзгеріп, 210 млн теңгеге күйікпен ауыратын науқастарға арналған екі арнайы кереует сатып алу туралы келісім жасалған.

Тергеу мәліметінше, сатып алу заң талаптарын айналып өтіп жүргізілген. Жабдыққа небәрі 92 млн теңге жұмсалып, қалған қаражат үлестес компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, қатысушылар арасында бөлінген деген күдік бар.

Іске аурухана директорының орынбасары, «Жарылқау» қорының басшысы, Жаңаөзен әкімінің бұрынғы орынбасары және өнім беруші компания өкілі қатысы бар деп танылған.

Үш күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен олардың үш пәтеріне, екі үйіне және автокөлігіне тыйым салынды. Қазір іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0