«Жас қызды сонша келемеждегені несі?»: Ләйлә Сұлтанқызы орынсыз әзілі үшін сынға қалды
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Super Star жобасында қатысушымен әзілдескені үшін қатаң сынға ұшырады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Эфир барысында тележүргізуші жас қатысушының қобалжып тұрғанына қатысты пікір білдірді.
«Маған қобалжып тұрғаны, бір нәрсені уайымдап тұрғаны ұнамайды. Мен осылай айтқанда бойында пайда болатын сенімсіздігі ұнамайды. Неге десеңші. Шеге десең. Қалжың. Мен сені күлдіргім келді. Сенің күлкің қандай екенін көргім келді», – деді Ләйлә Сұлтанқызы сахнада.
Алайда кейін тележүргізуші Threads желісіндегі парақшасында Ясминді алғаш көргеннен-ақ ұнатқанын жазып, бұл қалжыңның авторы Әбунасыр Серіков екенін атап өтті.
Осыдан кейін желі қолданушылары арасында түрлі пікір пайда болды. Бірқатар оқырман тележүргізушінің әзілін орынсыз деп сынады.
«Қай жері күлкілі екен?», «Әділқазы болуға шақырса, бас тартыңызшы, өтініш», «Өз әзіліңе тек өзің күлесің», «Шегесі несі?», «Өте ерсі болды», «Өзім ұялып кеттім», «Жас қызды сонша келемеждегені несі?», «Масқара», «Мына жерде не істеп отыр?» – деп жазды оқырмандар.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0