Жаяу жүріп жол көрсетті: Әулиекөл тасжолында полицейлер боранда қалған жүргізушіге көмекке келді (ВИДЕО)

Наурыз 10, 2026 - 23:27
app_badging Наурыз 10, 2026 - 23:30
chat_bubble  0 visibility  9
Жаяу жүріп жол көрсетті: Әулиекөл тасжолында полицейлер боранда қалған жүргізушіге көмекке келді  (ВИДЕО)

Қостанай – Әулиекөл – Сұрған бағытындағы тасжолда ақтүтек боран салдарынан жолдан адасып, жүре алмай қалған жүргізушіге полиция қызметкерлері көмекке келді. Тәртіп сақшылары көлік алдында жаяу жүріп, бағыт сілтеу арқылы азаматты қауіпсіз жерге шығарды, деп облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап Sadaq.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Оқиға Әулиекөл ауданы маңындағы тасжол бойында орын алған. Жұмыс бабымен жолға шыққан жүргізуші кенеттен басталған қатты боран мен соқыр тұманға тап болып, көру мүмкіндігі шектелгендіктен әрі қарай жылжи алмай қалған. Қиын жағдайда қалған жүргізушіге патрульдік полиция ротасының инспекторлары — Мадияр Ақжолов пен Әділет Өмірзақов жолыққан.

Полицейлердің бірі көліктің алдына түсіп, жаяу жүре отырып жол көрсетсе, екіншісі бағыт-бағдар беріп отырған. Осылайша, жаяу жүрген сақшының соңынан ілескен жүргізуші қауіпті аймақтан аман-есен өтіп, баратын жеріне жеткен.

Жүргізуші полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, олардың қиын сәттегі кәсібилігі мен адамгершілігін ерекше атап өтті. Өз кезегінде, Полиция департаменті азаматтарды ауа райы қолайсыз кезде алыс жолға шықпауға және жолда қиындық туындаса, бірден шұғыл желіге хабарласуға шақырады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0