«Жазалау керек»: Ұлттық киіммен Пол дэнс билеген қыз сынның астында қалды

Депутат Дәулет Мұқаев әлеуметтік желіде қазақы көйлекпен ерсі билеген қыздың әрекетін сынға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Дәулет Мұқаев ұлттық киім күнін енгізуді ұсынып, ұлттық киімді барлық жерде киіп жүруге шақырғанда дәл мұны меңземеді-ау. Бұл би қалай аталады енді?», - делінген жазбада.
Жазбаның астына желі оқырмандары түрлі пікір қалдырып, өз ойларын білдірген.
«Әр нәрсенің орны бөлек… именно қазақша киініп билейтін жер емес. Заң жүзінде жазалансын! Оның өзінің орны бөлек, бұл биге еш қарсылығым жоқ ол бір би түрі деп білейік…., Арулар аз болдыма трубаға айналған десе, Жалпы осы трубамен көбіне ерсі билерді билеген соң, санамызға жағымсыз көрініп тұр ғой. Негізі маған ұнады, әдемі жағынан көрсетті», - деп жарыса жазды жұрт.
Сіздің реакцияңыз қандай?






