Жетісу облысында ер адам әйелін пышақтап өлтірді

Сәуір 25, 2026 - 15:20
chat_bubble  0 visibility  0
Жетісу облысында ер адам әйелін  пышақтап өлтірді

Жетісу облысында полиция қызметкерлері кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
 
Алдын ала мәліметке сәйкес, қайғылы жағдай тұрмыстық жанжал салдарынан орын алған. Оқиғаның мән-жайы бойынша, ер адам мен әйел арасында отбасылық кикілжің туындаған. Жанжал кезінде күдікті әйел адамға пышақ жарақатын салған. Ауыр жарақат салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «кісі өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0