Жетісу облысындағы жол апатынан бес адам қаза тапты

Қаңтар 25, 2026 - 20:06
 0  2
Жетісу облысындағы жол апатынан бес адам қаза тапты
Фото: pixabay.com

Жетісу облысы, Ақсу ауданында екі жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан ірі жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Sadaq.kz. Ресми мәліметтерге сәйкес, «Көшкентал – Қапал» тас жолының 4-ші шақырымында Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы автокөліктері соқтығысқан.

Қайғылы жағдай салдарынан бес адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы түрлі деңгейдегі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Облыстық полиция департаменті апаттың себептері мен мән-жайын анықтау үшін барлық нұсқаларды қарастырып жатқандығын хабарлады. Тергеу барысы ведомство басшылығының тікелей бақылауына алынған.

Sadaq редакциясы қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0