«Жол ашамыз»: Алматыда қазақ бақсыларының құрылтайы өтіп жатыр
Бақсылық – шаманизм дінінің осы күнге дейін жеткен сарқыны.
Құрылтай дәстүр бойынша адам жанын тазалаудан басталды. Ол үшін қобыздан күй шертілді. Құрылтайды тарихшы, жазушы, ақын, композитор, сценарист, режиссер, тележүргізуші, көріпкел Арман Нұрмұханбетов жүргізді, деп жазды Араша сайты.
Жиын барысында ол Құрылтайды өткізуге дайындалып жатқанда түрлі кедергілер болғанын жеткізді. Ол Құрылтайды жүргізушілерге қатысты болған. «Құрылтайды екі әдемі қыз жүргізеді деп жоспарлағанбыз. Бірақ біреуінің анасы ауырып қалды, екіншісі қорқып шықпады. Сондықтан бүгін Құрылтайды өзім жүргіземін деді», – ол.
Арман Нұрмұханбетов бүгінгі Құрылтайдың мақсатына тоқталып өтті.
«Біріншіден, қасиет деген құбылысты тіптен қасиеті бар адамдар да түсінбейді. Қасиет арқылы алдымен ем саламыз, жол ашамыз. Қасиет деген тереңірек құбылыс. Мәселен, қасиет жырауларда болған. Олар хандарға түйіні жоқ сұрақтар бойынша кеңес берген. Қасиет деген Тәңіршілдіктің негізі. Шеберлер, ақындар, жыраулардың бәрінде қасиет болған, солар арқылы біздің мәдениетіміз қалыптасты, солар арқылы Ұлы даланың өркениеті қалыптасты», – дейді Арман Нұрмұханбетов.
Бақсылық – шаманизм дінінің осы күнге дейін жеткен сарқыны. Бақсы деп өзге тылсым әлеммен байланыс орнатып, ондағы түрлі рухтармен байланыс жасай алатын адамды айтқан. Бақсылар «әулиелерді» «аруақтарды», «періштелерді» шақырып, олармен тілдесе алады, адамның жаулары – дәу,пері,шайтан, албасты, жын, марту, тағы басқа мен күреседі деген сенімде болған.
Бақсыларға тән ерекше қасиеттердің бірі – емшілік (тәуіпшілік). Бақсылардың бәрі қобыз тартып, зікір салып, түрлі емдер жасайды. Оның қамшысы тиген адамның денесіне кірген шайтандар қашып, барлық сырқатынан құлан-таза жазылып кетеді деп сенген.
Бақсылардың өткенді біліп, болашақты болжау қасиеті болады. Олар аруақтар шақыру, қойдың жауырының падалану, құмалақ ашу арқылы болашақты болжаған, өткенді көре білген, адамның ойы оқи алатын болған.
Халық арасында есімі ұмытылмаған әйгілі бақсылар болған. 14 ғасырда жасаған Салттық бақсы туралы ел ішінде талай жырлар мен аңыз-әңгімелер қалды.
Себебі – бүкіл Дешті Қыпшақта одан өткен білгір бақсы болған жоқ. Ислам халық арасында кең етек алып, шаман мәдениеті мен бақсылық өнерін ығыстырғанмен, олардың намым-санімдерінде шаман дінінің ізі сақталып қалды.
Сіздің реакцияңыз қандай?