«12 миллион теңге зая кетті...»: әнші Қазыбек Құрайыш күтпеген жағдайға тап болды
Әнші оқырмандарынан кеңес сұрады.

Әнші Қазыбек Құрайыш басынан өткен қиын жағдайды айтып берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі түсірілім кезінде күтпеген жағдай болып, бейнебаян түсіруге жұмсалған 12 миллион теңге және екі ай атқарған еңбек босқа кеткенін айтып, өкінішін білдірді. Сонымен қатар оқырмандарынан кеңес сұрады.
«12 млн теңге кетті. Мәселе ақшада да емес, біраз еңбек пен 2 ай уақыт сарп еттік. Соңында 50% материал күйіп, клиптың сюжетін толық жоғалтып алдық. Ең керекті моменттерінен кадрларымыз жоқ. Өз басым жүректен жіберіп тастадым. Әніміз 24 қазанда барлық платформаларда жарық көреді. Бірақ клипсіз бе, әлде сол күйі салып жіберейін бе?» – деп жазды әнші әлеуметтік желіде.
Сіздің реакцияңыз қандай?






